Сәуір айының 5 жұлдызында Бурабай ауданының білім бөлімімен, Бурабай ауданының білім қызметкерлері кәсіподағымен және "Балалар өнер мектебі" МКҚК-мен бірлесіп "Екі Жұлдыз-2023" облыстық дәстүрлі вокалдық байқауының іріктеу кезені өтті.Байқау Білім беру ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерін қолдауға және Ақмола облысы Бурабай ауданының жас таланттарын анықтауға бағытталған басым жоба болып табылады. Байқау бір кезеңде өткізілді, байқаудың тақырыбы: Қазақстан халқының бірлігі, Отан Қорғаушылар Күні, Жеңіс күні. Байқауға қала мен ауданның 16 мектебінен және 5 мектепке дейінгі ұйымдарынан 21 дуэт қатысты. Байқаудың барлық қатысушылары жақсы орындаушылық шеберлігін , таланты мен әртістігін көрсетті.
Орындар келесідей бөлінді:
"Бурабай жұлдыздары" номинациясы: № 7 мектеп-лицейі,
Жанат Байжанова, Айғаным Досымбек дуэті
"Көрермен көзайымы" номинациясы: Бурабай кентінің С. Сейфулин атындағы мектебі, Елік Саматұлы, Мақпал Мақсұтова дуэті
«Әсем ән сыйлаған әншілер» номинациясы: № 1 мектеп-гимназиясы,
Надия Болатбаева, Мария Дорошенко дуэті
«Ұздік әншілер» номинациясы :Қарашілік ауылының мектебі,
Айнұр Аққожина, Назым Аубакирова дуэті
"Дарынды өнерпаз әншілер" номинациясы: № 8 мектеп-гимназиясы
Кенесары Ергосаев, Асылбек Кабдрахманов дуэті
"Өнер тамған өнерпаздар" номинациясы: Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы, Ринат Шарафутдинов, Анатолий Нарушевич дуэті
III орын № 2 жалпы орта мектебі: Середа Роман, Аделия Амержанова дуэті
II орын № 9 мектеп-гимназиясы: Ренат Қалиев, Шопанбек Шыңғыс дуэті
I орын "Мерей" балабақшасы: Анель Туребекова, Асем Бердешева дуэті конкурстың екінші кезеңінің жолдама иегерлері атанды.
Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Байқау жоғары деңгейде өтті, ең бастысы - барлық қатысушылар риза болды.Жеңімпаздарға алдағы ақтық кезеңде сәттілік тілейміз! Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!