22.04.2026
15 сәуір күні Бурабай ауданының білім бөлімімен, білім қызметкерлерінің кәсіподағымен және «Балалар өнер мектебі» МКҚК-мен бірлесіп «Кәсіподақ жұлдыздары-2026» облыстық дәстүрлі вокалдық байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Байқау – білім беру ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерін қолдауға және Ақмола облысы Бурабай ауданындағы жас таланттарды анықтауға бағытталған басым жобалардың бірі. Байқау бір кезеңде өткізілді. Байқау тақырыптары: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні. Байқауға 21 дуэт қатысты. Барлық қатысушылар жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік, талант пен артистизм көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын: Ұрымқай ауылы ЖОББМ, Дағыстан Алтынбек, Қуандық Тлеген — байқаудың екінші кезеңіне жолдама иегерлері.
II орын:
Досов атындағы ОШ, Қатаркөл ауылы — Мартенс Елена Петровна, Пятилетова Анастасия Леонидовна
II орын:
№9 МГ — Жетпісбай Сымбат, Нұрғали Ербол Абдуллаұлы
III орын:
Бурабай кенті «Оқжетпес» ауылы ЖОББМ — Сайдалы Асылжан Ерболатқызы, Имаканова Күлмайра Қошановна
III орын:
«Күншуақ» бөбекжайы — Петерсон Олеся Сергеевна, Романова Наталья Александровна
III орын:
Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылы ЖОББМ — Мәукешова Ботагөз Бақытқызы, Хасенова Ләззат Серікжанқызы
Номинациялар:
• «Өнер тамған өнерпаздар» — «Ақбота» бөбекжайы: Амирбаева Айкерім Даулетовна, Уразбекова Гүлмира Ануаровна
• «Әсем ән сыйлаған әншілер» — №8 МГ: Балтышева Жұлдызай Әлібековна, Ергосаева Аружан Нұрбайқызы
• «Үздік әншілер» — Зеленый Бор ауылы МГ: Жұмабек Жомарт Пархатұлы, Оразбаев Жасұлан Нұрланович
• «Дарынды өнерпаз әншілер» — ШГ №1: Атынтаева Анар Жанатовна, Калиакпарова Карина Байғалиевна
• «Бурабай жұлдыздары» — ОШ №2: Мороз Олег Михайлович, Жылқайдарова Гүлмира Талғатовна
• «Көрермен көзайымы» — №7 МЛ: Арман Ерсұлтан, Зинуллаева Дана Абаевна