Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжі Балалар өнер мектебімен бірлесе отырып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру, балалар шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Концерт соңында колледжге экскурсия, шеберлік сыныбы, оқушылармен диалог, әскери колледждің тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражайда оқу орны атауы Ш. Уалиханов жайлы ақпараттар көп.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар Ш. Уалиханов атындағы әскери колледж басшысы полковник Нұржановтың мадақтама қағазымен марапатталды.