Текст
Желтоқсан айының 14-ші жұлдызы күні Балалар өнер мектебінде «Тәуелсіздік тірегім -Қазақстан жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті вокалдан сабақ беруші мұғалім Ксения Погниребко «Атамекен» әнімен бастады.Еліміздің тарихи беттерін еске түсіру мақсатында «Тәуелсіздік жолында» атты бейнефильм көрсетілді. Кештің әдеби жағын Глеб Ермаков, Хамит Нұрай, Жанұзақова Назерке өлең оқумен жалғастырды. Сапар Нұрияның орындауында Құрманғазы «Балбырауын» күйі, Әмір Қажығалиевтің орындауындағы «Ата тағдыры», Тарғынов Абылайханның орындауындағы «Шабыс», Қалымхан Еркебұлан "Жастар биі",Галеев Ерланның орындауында «Екі жирен» шығармасы орындалды.Өнер бөлімі сурет көрмесін ұйымдастырды.Іс-шараның барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды