Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы!!!
Маусым айының 14-ші жұлдызы күні Балалар өнер мектебінде оқу бітіру кеші өтті.
Балалар өнер мектебінің 39 жас шығармашылық өнерге құштар оқушылары білім туралы алғашқы құжатын –яғни өнер мектебін бітіргені туралы куәлік алды. Балалар өнер мектебінде көптеген адамдар үшін ерекше, қызықты, қуанышты және сәл қайғылы күн болды: өйткені тағы бір оқу жылы аяқталған сәт, ол дегеніміз мұғалімдер үшін, ата – аналар үшін, олардың балаларының өмірлерінде қуанышқа толы күн әрине ол кештің батыр түлектері үшін. Біреуі мектепте бес жыл, ал біреуі жеті жыл оқыды, бірақ кеше ғана олар мектепке келген сияқты-кішкентай, өнерге құштар балалар еді, ал бүгінде олар сұлулық пен еңбекті білетін, дарынды өнерге деген құштарлықтарын ашып, шабыттың тәтті дәмін сезінген ересек адамдар. Түлектерді Бурабай ауданының білім бөлімінің атынан мектеп бітіру кешімен құттықтаған, білім бөлімі басшының орынбасары А.М.Ахмеджанова. Барлық түлектер музыкалық аспаптарды игерудің ұзақ және қиын жолынан өтті, өз сезімдерін дыбыстармен, бояулармен білдіре алды, музыкалық және көркем мәдениеттің қазыналарымен танысты, би өнерін түсінді. Мектепті бітіргені туралы куәлікті фортепиано бөлімінің, халық аспаптары бөлімінің түлектері, хореографиялық бөлімнің, вокалдық бөлім және бейнелеу өнерінің түлектері алды. Мерекелік бағдарламаға өнер мектебінің сахнасында соңғы рет өнер көрсетумен түлектердің жарқын жеке нөмірлері енді. Сүйікті оқытушылар атына көптеген жылы сөздер айтылды, оқушылар өз ұстаздарына ең жылы және ізгі тілектерімен гүл шоқтарын сыйлады. Түлектердің ата-аналары да жылы лебіздерімен алғыс сөз сөйледі. Әр мектеп өзінің жетістіктерімен жәнете түлектерімен мақтанады. Мектебіміз 2022 жылғы түлектерді мақтан тұтады: олар дарынды өнерпаз жұлдыздарымыз. Олар әрдайым өнер мектебінің мұғалімдерінен алған тәлім тәрбие білімдерін, сүйіспеншілікпен мәңгі жандарында сақтайды деген үміттеміз. Түлектерімізге сәттілік тілейміз!!!