13 сәуірде "Щучинск қаласының Балалар өнер мектебі" МКҚК Бурабай ауданының білім бөлімімен және Бурабай ауданының білім қызметкерлері кәсіподағымен бірлесіп дәстүрлі "Екі Жұлдыз"вокалдық байқауы өтті. Конкурс Білім беру ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерін қолдауға және Ақмола облысы Бурабай ауданының жас таланттарын анықтауға бағытталған басым жоба болып табылады.Конкурс бір кезеңде өткізілді, конкурстың тақырыбы: Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні.Байқауға ауданның 9 мектебінен 18 дуэт қатысты. Байқаудың барлық қатысушылары жақсы орындаушылық шеберлігін, таланты мен әртістігін көрсетті. Байқаудың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар мен дипломдар, ал жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табыс етілді. Байқау жоғары деңгейде өтті, ең бастысы-барлық қатысушылар риза болды. Байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз, ал жеңімпаздарға облыста сәттілік тілейміз