01.01.1970
18 наурыз күні аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бурабай дарындары» аудандық байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Байқауға қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары қатысты. Қатысушылар вокал, хореография, аспапта орындау, көркем сөз, бейнелеу өнері номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетті. Барлық өнер көрсетулер ерекше әсерлі, жарқын және мазмұнды болды. Қазылар алқасы қатысушыларды орындау шеберлігі, артистік қабілеті және сахна мәдениеті бойынша бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді: Вокал номинациясы
I орын – Дулатова Мерей, Баянбай ауылының ЖОББМ, жет: Долматова С.А.
II орын – «Жұлдыздар» тобы, №1 МГ, жет: Калиакпарова К.Б.
III орын – Каиров Бекжан, №8 МГ, жет: Ергосаев Кенесары
III орын – Бабина Сафия, Калинина Елизавета дуэті, №3 ЖОББМ, жет: Алиев С.М.
Хореография номинациясы
III орын – Дулатова Айару, Баянбай ауылының ЖОББМ, жетекшісі: Долматова С.А. Бейнелеу өнері номинациясы
I орын – Даулбай Еркежан, №8 мектеп-гимназия, жет: Даканова И.М.
II орын – Жамбулова Жасмин, №8 мектеп-гимназия, жет: Даканова И.М.
II орын – Ирмашева Жансулу, Баянбай а. ЖОББМ, жет: Дорогова Оксана Петровна
III орын – Будник Родион, Атамекен а. ЖОББМ, жет: Советхан Бақшагүл
III орын – Назырова Дария, №8 МГ, жетекшісі: Даканова И.М.
Аспапта орындау номинациясы
I орын – Байжанова Алтынай, №3 ЖОББМ, жет: Алиев С.М.
Көркем сөз номинациясы
II орын – Қөжақын Ұлағат, Атамекен а.ЖОББМ, жет: Кабдилашимов А.О.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар үшін маңызды іс-шара болды