13.03.2026
Ақпан айының 18-ші жұлдызында «Қосымша білім берудің үздік мұғалімі-2026» аудандық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырушылар Шучинск қаласы "Балалар өнер мектебі".
Байқау Жоғары педагогикалық колледжде өтті.
Іс-шара дарынды мұғалімдерді анықтау және қолдау, озық тәжірибелерді тарату және қосымша білім беру мұғалімі мамандығының беделін арттыру мақсатында өтті.
Байқауға сегіз қосымша білім беру мұғалімі қатысты. Қатысушылар өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды, ашық сабақтар өткізді және кәсіби жетістіктерін көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде: Талғат Закрин, «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.
1-орын: Изабелла Рыжкова, Балалар өнер мектебі.
2-орын: Евгения Ульман, «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.
3-орын: Елена Зинченко, Балалар өнер мектебі.
3-орын: Светлана Андреева, Досов атындағы орта мектебі
Қатысқандары үшін диплом иегерлері: Елена Цыгвинцева, Ляззат Егембердиева және Лилия Кузовникова.