Текст
Сәуір айының 7-ші және 8-ші жұлдызы аралығында Бурабай ауданында "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы аясында "Алтын қазына" атты облыстық көрме сайыс сәндік қолданбалы өнері шығармашылығы байқауы өтті. Сәуір айының 7-ші жұлдызы күні ашылу салтанаты және әділ қазылар алқасының талқылауы өтсе, ал сәуір айының 8-ші жұлдызы әділ шешім шығарушы әділ қазылар алқасының арнайы онлайн бойынша байқау қорытындысы шығарылып байқау жеңімпаздары анықталды. Ал байқаудың ең үздік деп танылған жеңімпаздары болса РЕСПУБЛИКАЛЫҚ деңгейде өтетін байқауға жолдама алды. Жолдама алған жеңімпаздарымыз РЕСПУБЛИКАЛЫҚ байқауда Ақмола облысының намысын қорғайды.
Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!