Текст
"Ақындар айтысы" атты іс-шара қазан айының 24-ші жұлдызы күні Щучинск қаласы "Балалар өнер мектебі" МКҚК-да өтті. Іс-шараның мақсаты кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. Іс-шара соңында қатысушылармен тікелей эфирде Құрманғазының күйі "Балбырауын" орындалды.
Қазақстан атты ұлы Отанымыздың игілігі мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп,Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің ғұмырлы болуы үшін күш-жігерлеріңізді салып, Отанымыздың жарқын болашағы жолында еңбек етіп жатқан барша Қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі мерекелік күнде еліміз өркендеп, жайнап, ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын.
Мереке құтты болсын!